Цифрлық Маңғыстау: жасанды интеллект қоғамдық қауіпсіздік қызметінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда. Өңір аумағында екі Жедел басқару орталығы және бес шағын жедел басқару орталығы тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.

2026 жылдың алғашқы бес айында «102» арнасына 147 273 қоңырау түсіп, мобильді қосымша арқылы 2 794 хабарлама қабылданды.

Бейнебақылау жүйелерінің көмегімен жыл басынан бері 155 қылмыс ашылып, 25 864 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, «Таргет-Ай» тұлғаны тану жүйесі арқылы іздеуде жүрген 37 азамат ұсталды.

2024–2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы аясында өңірде бейнебақылау жүйелерін дамыту және кеңейту жұмыстары жалғасуда. Тек 2025 жылдың өзінде облыс аумағында 1 268 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Жасанды интеллект технологиялары мен заманауи цифрлық шешімдерді енгізу полиция қызметінің тиімділігін арттырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.

https://www.instagram.com/p/DZpfGhkDHaq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1242378?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version