Достық ауылдық округі әкімінің орынбасары О. Нұрланұлының төрағалығымен мал иелері мен мекеме басшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ауылдық округ аумағында мал шаруашылығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақытылы жүргізу, малды қараусыз жібермеу, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мекеме басшыларына өз қарамағындағы қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігі айтылды. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1242157?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау