Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Нұрпеисова Қарлығаш Ермағамбетқызын мерекемен құттықтаймыз!
Қарлығаш Ермағамбетқызы 1957 жылы 2 шілдеде Қарағанды облысында дүниеге келген. 1977 жылы Қарағанды медициналық училищесін «санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша аяқтады. Оқу орнын тәмамдағаннан кейін, бүкіл еңбек жолын санитариялық-эпидемиологиялық қызметке арнап, осы салада 38 жылдан астам абыройлы еңбек етті.
1977 жылдан бастап 2015 жылға дейін Қарлығаш Ермағамбетқызы санитариялық-эпидемиологиялық қызметте эпидемиолог болып жұмыс істеді.
Қарлығаш Ермағамбетқызы өзінің кәсіби қызметінде жоғары жауапкершілігімен танылып, әріптестері білікті маман ретінде атап өтуде. Ол жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, әрдайым тәжірибесімен бөлісіп, әріптестерінің құрметіне бөленіп, ұжым ішінде зор беделге ие болды.
Қарлығаш Ермағамбетқызы зейнеткерлік демалысына шыққаннан кейін де санитариялық-эпидемиологиялық қызметте жұмысын жалғастырып, жас мамандармен жинақталған тәжірибесімен бөлісіп, мамандыққа адалдықтың лайықты үлгісі болып қала береді.
Қарлығаш Ермағамбетқызының еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің, облыс және аудан әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Құрметті Қарлығаш Ермағамбетқызы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қосқан елеулі үлесіңіз үшін Сізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық және табыс тілейміз!
#МеніңСүйіктіДәрігерім
#МедицинаҚызметкерлеріКүні
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1242845?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау