2026 жылғы 15 маусымда Департаменттің еңбек саласын бақылау бөлімінің бас маманы Есалиева Л.Б. еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша жұмыс берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ алаңында ұйымдастырылған семинарға қатысты. Семинар барысында Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтер енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Есалиева Л.Б. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне еңбек шарттары туралы мәліметтерді енгізу барлық жұмыс берушілер үшін міндетті екенін түсіндірді. Сонымен қатар еңбек шарттарын тіркеу мерзімдері және жүйеге енгізілуге тиіс міндетті деректер бойынша заңнама талаптары түсіндірілді. Іс-шара барысында қатысушылардың қойған сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді. Бұдан бөлек, жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижелері бойынша еңбек шарттарының болмауы және міндетті зейнетақы жарналары бойынша сәйкессіздіктер анықталған жұмыс берушілер аталған бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1242417?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау