Ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 17 маусымында «Ю.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ-нде Рахимов Құрманбек Ыдырышұлына арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға Күршім ауданының әкімінің орынбасары А.Ижимов, ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Манапов, ШҚО полиция департемантінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Удербаев,Күршім аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі С.Толукпаев, Күршім аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Қырықбаев, Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаев, Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің мамандары, Күршім аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, «Жас сақшы» сыныбының оқушылары, Күршім ауылының және аудандық полиция бөлімінің зейнеткерлері, қоғам белсенділері, ақсақалдар қатысты. Бүгінгі шара ұлттық рухқа, ерлік пен өнегеге көрсетілген зор құрметтің белгісі. Ғасырдан асып, 102 жасқа қараған шағында дүниеден озған Құрмат Рахимұлы – тұтас дәуірдің куәсі, тарихтың тірі шежіресі еді. Оның ғұмыры Отанға адал қызмет етудің, елге деген сүйіспеншіліктің, азаматтық жауапкершілік пен қайсарлықтың жарқын үлгісі болды. Құрмат Рахимұлының есімі мен өнегелі өмір жолы халық жадында мәңгі сақталады

https://www.facebook.com/share/r/1Jmspds169/

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/1242834?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version