🔺Құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында, 2026 жылғы 15-19 маусым аралығында аудан көлемінде «Ішімдіксіз ауыл» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
🛡️Іс-шараның мақсаты-қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға, жастардың саналы және салауатты өмір салтын таңдауға мүмкіндік жасауға бағытталған.
Іс шара кезінде ауылдық аумақтарда тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, алкогольдің денсаулыққа, отбасы тыныштығына, қоғамдық тәртіпке және жастар тәрбиесіне тигізетін зияны жөнінде кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Іс шараға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысып, ауыл тұрғындарына аулаларда кездесулер өткізіліп пікірлері мен ұсыныстары тыңдалатын болады.
Тәртіп сақшылары азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-karauylkeldi/press/news/details/1241760?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау