Хайдаров Талғат Халиханұлы – Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы. 1962 жылғы 15 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауылында дүниеге келген. Қарағанды медицина институтын «гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1985 жылы Казталов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер-эпидемиолог болып бастаған. Кейін бас дәрігер қызметін атқарған, ал 2004 жылдан бастап аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын басқарады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1242402?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау