КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮНДЕЛІКТІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында қала аумағын көркейту, абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Қала көшелері мен қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазарту, арық-атыздарды ретке келтіру, жасыл желектерді күтіп-баптау, көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы көше жарықтарын реттеу жұмыстары атқарылып, саябақтар мен аллеялардың тазалығы бақылауға алынып, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Тазалық – ортақ жауапкершілік. Осы орайда қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, қоқысты белгіленген орындарға тастауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1242982?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version