Маңғыстау облысында «Жалған нөмір» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10–14 маусым аралығында Маңғыстау облысының аумағында республикалық деңгейдегі «Жалған нөмір» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланудың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды анықтау.

Рейдтік және профилактикалық жұмыстар барысында Маңғыстау облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тағып көлік басқарған 4 жүргізушіні анықтады.

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып, құқық бұзушылықтардың жолы кесілді.

Полиция департаменті жүргізушілерді заң талаптарын қатаң сақтауға, көлік құралдарын пайдалану кезінде жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қолданбауға шақырады.

https://www.instagram.com/reel/DZo7c03N357/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1242384?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version