Бүгін Екібастұз қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Дәстүрлі байқауда өнегелі өмір салтын ұстанып, отбасы институтын нығайтуға үлес қосып жүрген жанұялар өзара бақ сынады.
Қатысушылар отбасы тарихын, жетістіктерін, тәрбиелік ұстанымдарын таныстырып, ұрпақтар сабақтастығы мен бірлік құндылықтарын насихаттады.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – Хуатхан отбасы (300 000 теңге);
ІІ орын – Ахаевтар отбасы (200 000 теңге);
ІІІ орын – Елубаевтар отбасы (100 000 теңге).
Қалалық кезеңнің жеңімпазы атанған Хуатхан отбасы алдағы облыстық кезеңде Екібастұз қаласының намысын қорғайтын болады.
Сонымен қатар, отбасы құндылықтарын дәріптеуге белсенді атсалысқаны үшін Рамазановтар және Махияновтар отбасылары Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Мерейлі отбасы» байқауы қоғамдағы отбасының мәртебесін арттырып, үлгілі жанұяларды насихаттауға бағытталған маңызды жоба болып табылады.
Жеңімпаздарды құттықтап, барлық отбасыларға амандық, татулық пен береке тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-politika/press/news/details/1242821?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау