ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ СЕМИНАР ТРЕНИНГ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін  17 маусым күні Орал қаласындағы «Атамекен-Smart Uralsk» әкімшілік-іскерлік кешенінде жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған оқыту тренингі ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталмыш шараға Бөкей ордасы ауданынан аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аумақтық-кеңістіктік және өңірлік саясат, жергілікті бюджеттердің ашықтығы, ашық деректерді тиімді пайдалану және халықпен кері байланыстың заманауи тетіктері бағыттары бойынша қатысушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар, депутаттардың жұмысын ашық, нәтижелі және тұрғындардың нақты қажеттіліктеріне бағдарланған ету жолдарына ерекше назар аударылды.

Іс-шараның басты ерекшелігі – теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру болды. Қатысушылар практикалық кейстерді талдап, өзара пікір алмасып, жергілікті басқару саласындағы үздік тәжірибелермен бөлісті. Осындай интерактивті формат депутаттардың күнделікті қызметінде кездесетін мәселелерге тиімді шешімдер табуға және кәсіби құзыреттерін нығайтуға мүмкіндік береді.

Мұндай оқыту алаңдары жергілікті өкілді органдар жұмысының сапасын арттыруға, халық пен билік арасындағы өзара байланысты нығайтуға және өңірдің тұрақты дамуына үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1242610?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version