Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Жітіқара ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы – бас бухгалтері Д. А. Қызылбасова «Отбасылық құндылықтар және мемлекеттік қызмет» тақырыбында бейнеролик дайындады.
Бейнеролик мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, отбасылық құндылықтарды және мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін ілгерілетуге бағытталған.
2026 жылғы 15 маусымда салтанатты жағдайда Д.А. Қызылбасова Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күнін мерекелеуге орай өткізілген іс-шараларға белсенді қатысқаны және отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге қосқан үлесі үшін алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1241889?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау