Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:
🔷Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілінің 2026 жылғы 5 айда  атқарылған жұмыстары туралы;
🔷Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің, Ұлттық превентивтік тетік (ҰПТ) қатысушылары және «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының қоғамдағы рөлі мен қызметі туралы
(баяндамашы – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі
Н.Абдезов);
🔷Ұлттық превентивтік тетіктің қызметі, негізгі міндеттері және атқарылған жұмыстары туралы  
(баяндамашы – Шымкент қаласының Ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Н.Тарара);
🔷ҚАЖК мекемелерінде орын алған туберкулез жағдайлары, олардың себептері мен қабылданған шаралар, сондай-ақ, өзге де өзекті мәселелер туралы.
(баяндамашы – Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Глазебная И.М., Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Мухидин Е.А.);
🔷Сонымен қатар, кездесу барысында азаптаудың және қатыгез қарым-қатынастың өзге де түрлерінің алдын алу, адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін іске асыру, сондай-ақ ҰПТ қызметінің өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар жабық мекемелерге мониторинг жүргізу, қоғамнан оқшауланған адамдардың құқықтарын қорғау және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты;
🔷Отырыс барысында Сараптамалық кеңес мүшелері көтерген мәселелер назарға алынып, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданатын болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1241723?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version