ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР!
2026 жылғы 15 маусымнан бастап Рахат ауылдық округіне қарасты елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жұмыстарын жаңа ұйым жүзеге асыруда.
Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аталған жұмыстар “Рахат ауылдық округі әкімі аппаратының” тұрақты бақылауында.
Ауылдарымыздың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Қалдықтарды шығару қызметіне байланысты туындаған уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Қызмет сапасын жақсарту және елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1242080?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау