Қоршаған ортаны таза ұста!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
15–17 маусым аралығында Бірлік ауылдық округінде, Старобелка ауылында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында балалар ойын алаңының аумағында, ескерткіш маңында және Школьная көшесі бойында шөп шабу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ Бірлік ауылында Арасан көшесінде, орталық алаң аумағында және ФАП маңында шөп шабу және бұталарды санитарлық түрде кесу жұмыстары атқарылды. Бұдан бөлек, орталық алаңның асфальт жабыны сыпырылып тазартылды.
Аталған жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға ықпал етіп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1242936?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version