Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Адам өмірі мен денсаулығын сақтауды басты мұрат еткен сіздердің еңбектеріңіз қашанда құрмет пен ризашылыққа лайық. Тәулік демей, уақытпен санаспай атқаратын жауапты қызметтеріңіздің арқасында мыңдаған азаматтар дер кезінде ем алып, сауығып, өмірге деген сенімін нығайтып келеді.

Бүгінде Целиноград ауданында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл ауданның 16 елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық нысандар пайдалануға беріліп, тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігі артты. Аудандық емхана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылып, материалдық-техникалық база нығайтылуда. Сонымен қатар, білікті мамандар тартылып, кадрлық әлеуетті күшейту бойынша маңызды жұмыстар жүзеге асырылуда.

Бұл жетістіктердің барлығы – өз ісіне адал, білікті әрі жанашыр медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс, кәсіби жетістіктер мен ел игілігі жолындағы абыройлы қызметтеріңізге жаңа серпін тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен,

Целиноград ауданының әкімі
Дарын Сабырғалиұлы Сабырғали

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1242789?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version