2026 жылғы 19 маусымда Өскемен қаласында «Oskemen Life» жазғы фестивалі өтеді.
Осыған байланысты сағат 12:00-ден 22:00-ге дейін төмендегі көшелерде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі:
Антон Чехов көшесі (Нұрмағамбетов көшесінен Қасым Қайсенов көшесіне дейін);
Максим Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Әуезов даңғылына дейін).
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
«Oskemen Life» фестивалінде жүздескенше!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1242132?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау