ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 41-ШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, 2026 жылдың 17 маусымы күні аудандық мәслихаттың кезекті 41-ші сессиясы өтті.
Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Бейсқали Толқын Ермекқызы ашып жүргізді.
Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Ж.Есенғалиев, Аудандық тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Дауталиева, округ әкімдері, бөлім басшысылары, Қоғамдық кеңес төрағасы Ө.Дүйсәлі, Аудандық орталық аурухананың басшысының міндетін атқарушы С.Сақтағанова, Аудандық кірістер басқармасының басшысы С.Ахметова, жастар мәслихатының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатынасты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер
2025 жылға арналған Қызылқоға аудандық бюджетінің орындалысы туралы
2025 жылғы Қызылқоға ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есебі
- Қызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №36-3 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыҚызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №36-4 «2026-2028 жылдарға арналған Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Жамбыл ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы
- Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №13-1 «Қызылқоға аудандық аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыҚызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы №35-3 «Қызылқоға ауданы бойынша 2025 – 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралыАудан әкімдігінің 2026 жылғы 8 маусымдағы №97 «Қызылқоға аудандық жер комиссиясын құру туралы» қаулысын бекіту туралыКүн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттары Е.Нуров, А.Аққайнанов сұрақтарын қойып, Б.Сұлтанов өз пікірін айтты.Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Бейсқали Толқын Ермекқызы қорытындылап, нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.
ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kyzylkogin-district/press/news/details/1242772?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау