2026 жылға арналған Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 15 маусымда департамент басшысы З. Илимжанова және Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А. Уйсимбеков департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын-сауық және құмар ойын орындарына барудан тартыну, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу тетіктері, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу мәселелері, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау кезінде адалдық пен әділдік қағидаттарын қатаң сақтау қажеттілігі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ойын-сауық пен құмар ойын орындарына барудан тартыну қағидалары қарастырылды.
Кеңес соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормалары мен заңнама талаптарын сақтауы мемлекеттік қызметтің беделін арттырудың маңызды факторы екендігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1242211?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау