Самар ауданындағы таза су резервуарлары орналасқан екінші көтеру станциясында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы Самар ауданы әкімдігінің «Самар» ШЖҚ КМК хабарлады.
Алдағы сенбі және жексенбі күндері түнгі уақытта резервуарларды сумен толтыру жұмыстары жүргізіледі. Дайындық шаралары аяқталғаннан кейін дүйсенбі күні Самар ауылындағы жаңа су құбырын іске қосу жоспарланып отыр.
Жаңа су құбырының іске қосылуына байланысты жүргізілетін іске қосу-баптау жұмыстарына орай 2026 жылғы 22 маусым күні сағат 09:00-ден бастап ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
«Самар» ШЖҚ КМК әкімшілігі тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын ала қажетті мөлшерде су қорын дайындауды сұрайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1242536?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау