Нышанов Нұрбек Сәдықбекұлы — санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тәжірибелі маманы, салаға 40 жылдан астам кәсіби өмірін арнаған.
Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитариялық-гигиеналық факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1984 жылы Ленгер аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында санитарлық дәрігердің көмекшісі болып бастаған.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Оның көпжылдық еңбегі мен мамандыққа адалдығы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1241757?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау