Ағымдағы жылдың 12 маусымында Департаменттің лицензиялау бөлімінің мамандары «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін ілгерілету жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру аясында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің медицина факультеті түлектерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері, кәсіби өсу перспективалары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер қызметіндегі жоғары моральдық-этикалық стандарттардың маңызы туралы ақпарат берілді. Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру және үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылысын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара Жол картасында көзделген міндеттерді іске асыруға бағытталған. Атап айтқанда, халықтың мемлекеттік қызметшілер жұмысына қанағаттану деңгейін арттыру, этикалық құқық бұзушылықтар үлесін төмендету, мемлекеттік қызметтің ынталандыру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ мектеп және жоғары оқу орындары деңгейлерін қамтитын ерте кәсіби бағдарлау институтын дамыту көзделген.
Осындай кездесулер жас мамандарды мемлекеттік қызметке тартуға, кадрлық резервті қалыптастыруға және «Адал азамат» тұжырымдамасында айқындалған әділдік, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1242282?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау