ШҚО-да полицейлер қызметтік тәртіп мәселелерін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы полиция бөлімінің және Күршім ауданы полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізіліп, қызметтік тәртіпті сақтау, заңның сақталуын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

     “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру, сондай-ақ “Адал азамат” құндылықтарын дәріптеу аясында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Манапов пен Шығыс Қазақстан облысы ІІО мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

     Жиын барысында жеке құрамға қызметтік тәртіпті, заң мен құқықтық тәртіпті сақтау талаптары түсіндірілді. Қызметтік міндеттерді адал атқару, кәсіби әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын орындау, сондай-ақ ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

     Сонымен қатар қызметтік тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың және төтенше оқиғалардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды. Қатысушыларға заң талаптарын сақтау мен қызметтік мінез-құлықтың жоғары стандарттарын ұстанудағы жеке жауапкершілік туралы еске салынды.

     Кездесу барысында қызметтік тәртіптің бұзылуы мен ішкі істер органдарында болған төтенше оқиғаларға қатысты бейнематериалдар көрсетілді. Нақты мысалдар негізінде мұндай жағдайлардың себептері мен салдары жан-жақты түсіндірілді.

     Кездесу соңында жеке құрам заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруға бағдарланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1242926?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version