«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ШҚО жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері үшін интернет арқылы да қоса алғанда, құмар ойындарға және бәстесулерге қатысуға жол бермеу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Сонымен қатар қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік масаң күйде болу фактілеріне жол бермеу, есірткі құралдарын медициналық емес мақсатта тұтыну және көлік құралдарын масаң күйде басқару жағдайларының алдын алу жөнінде ақпарат берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын мүлтіксіз сақтау мәдениетін қалыптастыру, адалдық қағидаттарын нығайту және мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігін күшейту.
Семинарға шақырылған спикерлер ретінде Өскемен қаласындағы Облыстық психикалық денсаулық орталығы наркологиялық емханасының меңгерушісі Соложонскина А. және ШҚО Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы Стригунова И. қатысты.
Спикерлер құмар ойындарға тәуелділіктің, алкогольдік және есірткілік тәуелділіктің қоғамға, отбасыға және кәсіби қызметке тигізетін кері әсері туралы айтып, заңнама талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік шараларын түсіндірді.
Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулер мен тыйымдар, құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктері кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшінің жоғары моральдық жауапкершілігіне, қызметтік әдеп нормаларын сақтауына және қоғам алдында үлгі болу міндетіне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметте «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтау азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтудың маңызды шарты екені атап өтілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін қатаң сақтау, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстану және еңбек ұжымдарында профилактикалық жұмыстарды күшейту жөнінде ұсынымдар берілді.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылықты, тәртіпті, адалдық пен жауапкершілік мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1242074?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау