ШҚО полиция бөлімшелерінде заңдылық пен қызметтік тәртіп мәселелері талқыланды
Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданы полиция бөлімінің және Күршім ауданы полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізіліп, қызметтік тәртіпті сақтау, заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қарастырылды.
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру, сондай-ақ «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов пен Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жеке құрамға қызметтік тәртіпті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау талаптары түсіндірілді. Қызметтік міндеттерді адал атқару, кәсіби әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын орындау, сондай-ақ ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қызметтік тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың және төтенше оқиғалардың алдын алу бағытындағы жұмыстар талқыланды. Қатысушыларға заң талаптарын сақтау мен қызметтік мінез-құлықтың жоғары стандарттарын ұстанудағы жеке жауапкершілік туралы еске
Кездесу барысында қызметтік тәртіптің бұзылуы мен ішкі істер органдарында орын алған төтенше салынды. оқиғаларға қатысты бейнематериалдар көрсетілді. Нақты мысалдар негізінде мұндай жағдайлардың себептері мен салдары жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу соңында жеке құрам заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруға бағдарланды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1242708?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау