Шу аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХХХVІІІ сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, яғни 2026 жылдың 17-маусым күні тоғызыншы шақырылған Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXXХХVІІІ сессиясы өтті.
          Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаев, жекелеген аудан әкімдігінің бөлімдері мен қала, ауылдық округтер әкімдері қатысты.
Кезектен тыс сессияны мәслихат төрағасы Ж.Әбенов жүргізіп отырды.
          Сессияның қарауына 3 мәселе қойылды.
Күн тәртібінде бірінші және екінші қаралған мәселелер –  «Жамбыл облысы Шу ауданы Өндіріс ауылдық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы», «Жамбыл облысы Шу ауданы Көкқайнар ауылдық округі Көкқайнар ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы».
         Бұл мәселелер бойынша аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Денгелбаев хабарлама жасады.
Мәселенің алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында егжей – тегжейлі қаралып, талқылануына байланысты сессияда депутаттармен тиісті шешімдер қабылданды.

Сонымен қатар осы сессияда депутаттар
       Шу ауданының аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының бос орындарына мүшелерін сайлады. Бұл мәселе жөнінде де депутаттар тиісті шешім қабылдады.
Осымен IX шақырылған Шу аудандық мәслихаттың XXXХХVІІІ кезектен тыс сессиясы өз жұмысын аяқтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shu/press/news/details/1242168?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version