Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Ақтөбе облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің ұжымында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша кеңес өткізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары қарастырылды.

Кеңеске қатысушыларға адалдық, ашықтық, жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығы және қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалануға жол берілмейтіні туралы еске салынды. Сонымен қатар, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, іскерлік әдеп нормалары мен қызметтік мінез-құлық қағидаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлерге әріптестер мен азаматтарға қатысты сыпайылық, әдептілік және құрмет көрсету, қызметтік әдеп талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1242954?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version