Сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарына қатысу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша семинарға қатысты. Аталған іс-шараны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті ұйымдастырды.

Түсіндіру жұмыстары барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің бас консультанты Б.Ж.Айтмахан сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жан-жақты түсініктеме берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1242605?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version