«Сыр сақшылары» жеңіс тұғырынан көрінді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында «Адал полиция» кең ауқымды акциясы аясында өткен «Әділетті полиция» интеллектуалдық турнирінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің намысын қорғаған «Сыр сақшылары» командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.

Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, қызметтік әдеп, логикалық тапсырмалар және жалпы білім бағыттары бойынша білімдері мен біліктіліктерін сынға салды.

Тартысты додада «Сыр сақшылары» командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, құқықтық сауаттылығы мен кәсіби шеберлігін, сондай-ақ жедел әрі тиімді шешім қабылдау қабілетін дәлелдеді. Нәтижесінде команда үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Бұл жетістік – команданың ұйымшылдығының, жауапкершілігінің және жүйелі еңбегінің жемісі.

Қызылорда облысы Полиция департаменті атынан жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1242052?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version