«Табиғаттың тазалығы сенбіліктердің көптігіне емес, әр адамның жауапкершілігіне байланысты».
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп, қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға бағытталған ауқымды профилактикалық акция өткізді.
Іс-шара барысында демалушылар мен өңір тұрғындарына табиғатты қорғау заңнамасының талаптары түсіндіріліп, су айдындары мен жағалау аумақтарын ластауға жол бермеу қажеттігі, сондай-ақ тыйым салынған құралдарды пайдаланып заңсыз балық аулағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы ескертілді. Сонымен қатар биологиялық әртүрлілікті сақтау және табиғат аясындағы демалыс мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Акция аясында қатысушылар экологиялық талаптарды сақтау және табиғи ресурстарды қауіпсіз әрі заңды пайдалану жөніндегі ұсынымдар қамтылған 400-ден астам ақпараттық жадынамаларды таратты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1242625?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау