«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауылдық округте абаттандыру және елді мекендердің келбетін жақсарту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта қоршауларды, шағын сәулет нысандарын және қоғамдық пайдаланудағы басқа да нысандарды сырлау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – тұрғындар үшін таза, жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыру, экологиялық мәдениетті арттыру және ауылдық округ аумағында тәртіпті сақтау.
Жұмыстар тұрақты түрде атқарылып келеді. Оған мекеме қызметкерлері мен белсенді тұрғындар белсене қатысуда. Бірлескен еңбектің нәтижесінде ауылымыздың ажары артып, көркейіп, тұрғындар үшін тартымды әрі жайлы мекенге айналуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/1242710?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау