«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауылдық округ аумағында абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу қарқынды түрде жалғасуда.
Іс-шара барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, жол бойындағы аумақтар қоқыстан арылтылуда. Сонымен қатар саябақтар мен гүлзарларды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстарға мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары және белсенді жастар қатысуда.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын құру.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/1241915?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау