«Таза Қазақстан» акциясы аясында Маңғыстау облысында 27 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Маңғыстау облысында жалғасуда. Атқарылып жатқан жұмыстың негізгі мақсаты – абаттандыру қағидаларын бұзудың алдын алу, қоршаған ортаны ластау фактілерінің жолын кесу, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын заңсыз төгуге, сондай-ақ сұйық қалдықтарды белгіленбеген орындарға ағызуға тосқауыл қою.

Акция басталғаннан бері өңірде полиция қызметкерлерінің қатысуымен 1937 рейдтік іс-шара өткізіліп, оған 235 полиция қызметкері жұмылдырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2024 жылғы 15 сәуірден бүгінгі күнге дейін 27 308 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

* Елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзудың 21 156 фактісі;
* Ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 6 152 фактісі.

Сонымен қатар, облыс аумағында 27 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға жолданды.

Құрылыс қалдықтарын заңсыз шығаруға ерекше назар аударылуда. Жүргізілген іс-шаралар барысында қалдықтарды белгіленбеген орындарға төккен 29 жүк автокөлігі анықталды. Оның 27-сі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Маңғыстау облысының полициясы өңір тұрғындары мен қонақтарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және абаттандыру қағидаларын бұзбауға шақырады. Қалаларымыз бен ауылдарымызды таза әрі өмір сүруге қолайлы ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1242498?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version