«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Аленова Айгул Абылайхановна жеңімпаз болып танылды, ол кәсіби даярлықтың, жауапкершіліктің жоғары деңгейін және көрсетілетін қызметтердің сапасын үнемі жетілдіруге ұмтылысын көрсетті.

        16 маусымда Айгул Абылайхановна Аленова Павлодар облысының атынан «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауының республикалық кезеңіне қатысты. Ол өз сөзінде қол жеткізген нәтижелерін, кәсіби құзыреттілігін және республикалық деңгейдегі мемлекеттік қызмет сапасының жоғары стандарттарын паш етті.

       Осындай ауқымды байқауға қатысу біліктіліктің жоғары деңгейін және үнемі кемелденуге деген ұмтылысты көрсетеді. Айгул Абылайхановнаға лайықты жеңіс пен мемлекеттік басқару жүйесін дамыту жолындағы кәсіби қызметіне алдағы уақытта да толайым табыстар тілейміз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1242693?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version