🔰Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Жиынға қала және ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары сондай-ақ Жамбыл облысы Полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы полиция полковнигі Данияр Асылбеков қатысты.
🔰Күн тәртібінде “Нашақорлық және есірткі бизнесінің алдын алу бойынша қабылдаған шаралардың нәтижесі мен тиімділігі туралы” және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар туралы” аудандық полиция бөлімі мен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшылығы баяндама жасады. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы баяндамашыларға атқарылып жатқан жұмыстар бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1242256?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау