Заң мен тәртіп қағидаты және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістер талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасында Ақтөбе облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Омарованың қатысуымен жиын өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатының мәні мен маңызы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, жиын барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасына енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, олардың негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, меритократия қағидаттарын нығайту және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңашылдықтарға тоқталынды.

Жиын соңында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі мен заң талаптарын сақтау мәселелерінің маңыздылығы атап өтіліп, мемлекеттік қызметтің жоғары стандарттарын ұстанудың қажеттілігі айтылды.

#ЗаңменТәртіп #МемлекеттікҚызмет #ӘдепЖөніндегіУәкіл #РизагүлОмарова #ТілдердіДамытуБасқармасы #АқтөбеОблысы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1242695?lang=ru

Exit mobile version