Оқиға 6 сәуір күні кешкі уақытта болған. Сағат 22:27-де полицияға көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің үшінші қабатындағы терезеде ілініп тұрған ер адам туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жағдайды бағалап, әр секундтың маңызды екенін түсінді. Ер адам карнизден ұстап тұрған және кез келген сәтте төменге құлап кетуі мүмкін еді. Есікті бұзып ашуға уақыт жоғалтпай, полиция қызметкерлері көрші пәтер арқылы әрекет етуді ұйғарған. Екінші қабаттағы пәтерге көтерілген патрульдік полиция қызмет инспекторы Ахмет Балғабай терезені ашып, қорғаныш торын алып тастады. Кейін ол әріптесімен бірге ер адамды ұстап алып, ішке тартып кіргізіп үлгерді. Биылғы жылдың 31 наурызында ұқсас оқиға болған. Тұрғын үйдегі өрт кезінде Ахмет Балғабай әріптестерімен бірге тұрғындарды эвакуациялауға қатысып, түтінге толған бөлмеден бір ер адамды көтеріп алып шыққан.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1242036?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау