«Жұқпалы аурулар тіркелген кезде ошақтарда санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинар
2026 жылғы 16 маусымда «Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ базасында облыстың медицина қызметкерлері мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған «Жұқпалы аурулар тіркелген кезде ошақтарда санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинар барысында жіті ішек инфекциялары, жіті вирустық гепатиттер және менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай таныстырылды. Сондай-ақ, жұқпалы аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізудің өзекті мәселелері қарастырылды.
Семинарға ересектер мен балалар инфекционист дәрігерлері қатысып, жұқпалы аурулардың диагностикасы, клиникалық көріністері және емдеу мәселелері бойынша баяндамалар ұсынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1241960?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау