№8 мекеменің ҚАЖД тәрбие бөлімінің қызметкерлері сотталғандар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

№8 мекеменің ҚАЖД тәрбие бөлімінің қызметкерлері сотталғандар арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырды. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтыруды дамытуға және бос уақытты тиімді өткізуге бағытталды.

Жарыс достық атмосферада өтіп, қатысушылар командалық рухты, спорттық жігерді және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар мен ерекше көзге түскен ойыншылар көтермелеуге ие болды.

Қатысушылар өздерінің спорттық қабілеттерін көрсетуге және уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік жасаған ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1243172?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version