18.06.2026 ж. Ұлытау облысының Әділет департаментінің әкімшілік бөлімімен Қазақстан Республикасының халықтық Конституциясын ілгерілету бойынша іс-шаралар топтамасының тармақтарын орындау мақсатында, жастар арасында конституциялық құндылықтар мен нормаларды кеңінен насихаттау, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» жеке мекемесінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, конституциялық құндылықтарды құрметтеу және заң үстемдігі қағидаттарын сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, Конституцияға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы ақпарат беріліп, жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты түсіндірмелер берілді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жастар тарапынан белсенді қызығушылыққа ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1243390?lang=ru

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version