18 маусым күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Ақтөбе облысының Әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Омарова Мырзағалиқызы қатысып, көтерілген мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, еңбек және атқарушылық тәртіп, жұмыс уақыты регламентін сақтау, қызметтік этика талаптарын ұстану, діни мәселелер бойынша заң талаптары мен «Заң және тәртіп» идеологиясы тұжырымдамасы қаралды.
Жиын соңында мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы заңнама талаптары мен Әдеп кодексін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-saulet/press/news/details/1243544?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version