2026 жылғы 18 маусымда Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мусин Санат Кабиденович Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысымен бекітілген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тұжырымдаманың негізгі мақсаттары мен міндеттері таныстырылып, заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілікті күшейту мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, тұжырымдаманы іске асырудың практикалық тетіктерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-karaganda/press/news/details/1243416?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау