2026 жылғы 17 маусымда Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ әртүрлі нысаналы топтар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен дүниетанымды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Әділ азамат – адал қоғам», «Жемқорлықсыз болашақ», «Салық төлеу – міндетім» тақырыптарындағы балалар шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Департамент басшылығы атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланып, олардың адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ, жас қатысушыларға болашақта білім мен шығармашылықта биік жетістіктерге жетіп, қоғамның дамуына өз үлестерін қосатын адал әрі жауапты азамат болып қалыптасуына тілектестік білдіріліп, ізгі лебіздер мен ақжарма тілектер айтылды. Марапаттау рәсімі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушылар мен олардың ата-аналарына жағымды әсер қалдырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1243087?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау