Тасменов Айбек Жаханбайұлы — Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі қызметіне тағайындалды.
Тасеменов Айбек Жаханбайұлы 1985 жылғы 27 мамырда дүниеге келген. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Алматы заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жапония, Нидерланды және Германия елдерінде тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасында штаттан тыс қызметкер-лектор, бас маман, бөлім басшысы қызметтерінен бастаған.
2014-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің аппаратының инвестициялар және индустриялық даму бөліміне жетекшілік еткен.
2019-2020 жылдары «Aurum Deutschland» компаниясының Тараз қаласы бойынша өкілі қызметін атқарған.
Әр жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне қарасты «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2022-2025 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2025-2026 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары, Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2026 жылдың 01 маусымынан қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zher/press/news/details/1243322?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау