Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дәрігер мамандығы – тек қана білім емес, бұл – үлкен жүректілік пен адамдық парыздың биік шыңы. Сіздер әр күн сайын, әр сағат сайын адам өмірі арашалап, қоғамға үміт пен қуаныш сыйлап келесіздер. Екібастұз қаласының тұрғындарына көрсетіп жатқан сапалы көмектеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен жылы жүректеріңіз үшін алғысымыз шексіз.
Осы саланың негізін қалап, жас мамандарға жол көрсеткен ардагерлерімізге бас иіп, алғыс айтамыз. Сіздердің салған сара жолдарыңыз – бүгінгі буын үшін нағыз өнеге.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық береке және жауапты да игі істеріңізге толағай табыс тілеймін. Шипалы қолдарыңыз бен мейірімді жүректеріңіз аман болсын!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1244211?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау