Іс-шараға аудан әкімі М. Мұхтаров, аудан прокуроры Б. Абдулахат, округ тұрғындары, мекеме басшылары мен ардагерлер қатысты. Кездесу барысында округ әкімі Д. Смаилов атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырып, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, ауыл шаруашылығын дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және жастарды қолдау бағытында жүзеге асырылған шаралар туралы баяндады. Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, көтерілген мәселелердің бірқатары бақылауға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1244007?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау