Ашық есік күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 маусымда Қарағанды облысының дін істері басқармасында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттері қатысқан «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтық қоғам институттарын дамыту мәселелеріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында қатысушыларға азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған сюжеті бар қысқа метражды бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының заңнамасына түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, ЖОО студенттері басқарманың қызметімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-din/press/news/details/1244200?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version