Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру, олардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу белсенділігін арттыру және сайлау заңнамасы бойынша құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру болды.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің ерекшеліктері, азаматтардың сайлау құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жастардың елдің демократиялық дамуындағы маңызды рөлі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету тетіктері түсіндіріліп, жастарды сайлау науқандарына белсенді қатысуға шақыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, олардың сайлау процесіне деген қызығушылығын күшейтуге және елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуына ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1243277?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау