Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 маусымда аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Шал ақын ауданы мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 128-бабына сәйкес сессияда депутаттар Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының «2025 жылғы аудандық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы» есебін қарады.

Осы мәселе бойынша сессияда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі А.Е. Қарабеков сөз сөйледі, тексеру комиссиясының бағалауы бойынша жалпы Шал ақын ауданының әкімдігі аудандық бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуын және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз еткені атап өтілді.

Жалпы ауылдық округтердің бюджеттері бойынша негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ауылдық округтер бюджетінің кіріс бөлігі асыра орындалды.

2024 жылмен салыстырғанда көтерме және бөлшек сауда, ойын-сауық және демалысты қоспағанда, барлық дерлік салаларда орташа айлық жалақының өсуі байқалады.

Сонымен қатар, көші-қон ағынының жалғасуына байланысты халық санының төмендеуі жалғасуда.

Аудандық бюджет кірістерінің орындалуын бағалау есепті кезеңде бюджетті жоспарлау және атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган кірістердің бюджетке толық және уақтылы есептелуін жоспарлау және қамтамасыз ету, негізгі жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілген өз кірістерінің үлесін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырғанын көрсетті.

Бұдан әрі аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясатты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмысы туралы тұрақты комиссияның мүшесі Р. Ж. Мәдиев баяндама жасады.

Депутаттар келесі мәселе бойынша «Шал ақын ауданында жерді ұтымды пайдалану және жер ресурстарын қорғау туралы» баяндаманы қарады. Аталған мәселені талқылау кезінде депутаттар жер қатынастары бөліміне, ауылдық округ әкімдеріне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды және Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының нормаларын сақтауды тұрақты негізде қамтамасыз етуді ұсынды. Әсіресе, өңделетін жер учаскелерінде ауыл шаруашылығы дақылдарының жанама өнімдерінің өсімдік қалдықтарын өртеуге жол бермеу керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shalakyn/press/news/details/1243007?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version