Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.
2026 жылдың 18 маусымында облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Бисенов Азамат Ғимранұлының төрағалығымен тұрақты комиссия отырысы өтті. Отырысқа тұрақты комиссия мүшелері, облыстық басқармалардың және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысының 2025 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебі талқыланып, басқарма басшыларының және Батыс Қазақстан облысының тексеру комиссиясының мүшесі Темірғалиев Нариман Әлібекұлының баяндамалары тыңдалды.
Отырыс барысында сұрақтар қойылып, есебі қаперге алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1244139?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау